Қордайдағы қақтығыс. 90 қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 19-02-2020 896

Қордайдағы жағдайға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24» порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Қордай.jpg

Оның ішінде, адам өлтіруге қатысты 11 дерек бар. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр. Қосымша деректер пайда болып, қылмыстық істердің саны артқан. Осы күнге дейін жүздеген адам тергеуге алынды. 

Әр қайсысының оқиғаға қатыстылығы тексеріліп, тиісті сараптамалар тағайындалған. Ал жалпы қамауға алынған адам санына қатысты мәлімет әзірге құпия түрде сақталып отыр. 

– Полицейлерге қарсылық көрсетіп, кикілжіңнің туындауына түрткі болған азаматтарға тоқталсам, үшеуі қамауға алынып, қылмыстық істері сотқа жолданды. Егде жастағы адамды соққыға жыққандар да ұсталды. Ал қалған арандатушылар жайлы мәлімет алдағы уақытта белгілі болады. Жалпы қамауға алынғандардың арасында күштік құрылым өкілдері жоқ, - деді ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Қазақстандық 16 жасар зілтемірші әлемдік рекордты жаңартты
Сапарбаев: Жылқыбаевтан басқа әкелетін кадрім жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу