Сапарбаев: Жылқыбаевтан басқа әкелетін кадрім жоқ

Oinet.kz 19-02-2020 1135

8791163.jpg


Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаевтың өзінің орынбасары болып тағайындалғанына қатысты пікір білдірді деп хабарлады Tengrinews.kz. тілшісі.

Халыққа берген есебінде залдан командалық көшуге қатысты сұрақ қойылған. 

-Мұндай лауазымға лайықты Жамбыл облысынан ешқандай кадр табылмады ма?-деген сауалға Сапарбаев:

-Кадр мәселесіне келгенде мен бір нәрсені түсінбеймін. Біз бәріміз де Қазақстан азаматымыз. Қазақстанның азаматы республиканың кез-келген нүктесінде жұмыс істеуге құқылы. Оған нақты мысал, міне, мен сіздердің алдарыңызда тұрмын. Сонда Қызылорда облысында туған мен Шығыс Қазақстан облысына немесе Ақтөбеге бармауым керек пе еді?  Сондықтан мәселеге бұлай қарамау керек. Оның жұмыс істеу қабілетіне қарау керек. Ертең Жылқыбаевтың қалай жұмыс істейтініне қараймыз. Нашар істесе, қызметінен босатамыз.  Мен бірден айтайын, менің өзіммен алып келетін басқа кадрім жоқ. Бәрі де аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының өздеріне байланысты. Менің байқауымша, кейбір басқарма басшылары жергілікті жерден шыққанымен өздерінің жұмыстарын атқара алмай жатыр,-деді Сапарбаев.

Жалпы, Сапарбаевтың соңынан кадр ертіп жүретіні, мұнысы жергілікті халыққа ұнамайтыны бұған дейін де айтылған. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында солай болған. Жамбылға әкім болып келгеніне әлі он күн толмаған Сапарбаевтың алдынан бұл проблема тағы шықты. 

Сапарбаевтың «Жылқыбаевтан басқа әкелетін кадрім жоқ» деген сөзіне сенуге бола ма? 


Қордайдағы қақтығыс. 90 қылмыстық іс қозғалды
Сапарбаев: «Мешіттерде қандай уағыз айтылып жатқанын бақылау керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу