Тоқаев: «Ресей және Қытаймен көршілес болудың да артықшылықтары бар»

Oinet.kz 16-02-2020 1076

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі 56-ншы Мюнхен конференциясы аясында панельдік сессияға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тоқаев.jpg

Іс-шара қызу пікірталас форматында өтті. Спикерлер модератордың сұрақтарына жауап беріп, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ойларын ортаға салды. Мемлекет басшысы көршінің мүмкіндігі, қазақстандық демократия, терроризммен күрес секілді сан саланың сұрақтарына жауап берді. Бұл – Мюнхен конференциясы тарихындағы Орталық Азияға арналған алғашқы арнайы панельдік сессия. Және оған Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстанның Президенті ретінде алғаш рет қатысып отыр. 

Талқыға негіз болған – «Географиялық орналасудың маңызы: 

Орталық Азия туралы әңгіме». Модератор – америкалық дипломат, Халықаралық байланыстар жөніндегі кеңес президенті Ричард Хаас. Тақырыпқа сай алғашқы сұрақ Қазақстанның географиялық орналасуы жөнінде. Көршіні таңдамайды, десе де Президенттің пайымынша Қытай және Ресеймен шекаралас болудың өз артықшылықтары бар. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

– Қазақстан жер көлемі бойынша 9-орындағы мемлекет. Бұл әлбетте бізге көптеген мүмкіндік пен жол ашады. Ресей, Қытаймен көршілес болудың да артықшылықтары бар. Ортақ шекара тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Орталық Азияның көп бөлігін иемдену де географиялық ерекшелік. Қазақстан – Орталық Азияда маңызға ие мемлекеттердің бірі. Ал Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөлі әлі де арта түседі.  Рас, әлемдік қауымдастықтың Орталық Азияға деген назары артып келеді. Ал соңғы 11 айдың көлімендегі саяси өзгерістерден соң олардың Қазақстанға деген қызығушылығын да байқауға болады. Қасым-Жомарт Тоқаев панельдік сессия аясында жаңа сайланған Президент ретінде инновация мен цифрландыруға баса мән беретінін айтты. 

«Менің мақсатым – экономиканың өсімі» деген Мемлекет басшысы елде жаңа реформалар кезеңінің басталғанын мәлімдеді. Ал модератордың «Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мүмкін бе?» деген сұрағына «әлбетте» деп жауап берді Президент.  

 – Азаматтық қоғамды дамыту үшін жаңа жобалар әзірленіп жатыр. Көптеген бастама қолға алынды. Мысалы, бейбіт митинг пен саяси партияларды тіркеуге қатысты жаңа заң жобалары әзірленіп жатыр. Мен мемлекетімде президенттіктің жақсы институты қалыптасады деген ойдамын. Сонымен бірге Парламенттің де күші арта түсетініне сенемін. Оған қоса ашық әрі есеп беретін үкімет қалыптастыруға да тырысамыз. Әр аймақтың өзіне тән проблемасы бар, Орталық Азияда олар аз емес. Діни экстремизм және терроризм, есірткі тасымалы, су ресурстары, еңбек миграциясы. Мемлекет басшысы есірткі тасымалына қарсы күрес жөніндегі шараларға, Қазақстанның терроризмге қарсы іс-қимылдарға қосқан үлесіне, «Жусан», «Русафа» операцияларының қорытындыларына терең тоқталып, осы орайда АҚШ үкіметіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.  

 – Біздің сыртқы саясатымыз үлкен күштер арасында тепе-теңдік ұстауға негізделген. Жақында ғана АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға келді. Бұл да Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстың нығая түскенін білдіреді. Экономикалық серіктестікке келер болсақ, Қазақстанда АҚШ-тың бірнеше үлкен компаниялары жұмыс істейді. Бұл мемлекеттің Қазақстан үшін маңызы зор. Серіктестігіміздің одан әрі дами түсуіне үлкен мүмкіндіктер бар деп ойлаймын. АҚШ дипломатына Президенттің осы сөзі әсер етті ме, әлде Қазақстан президентінің дипломатиялық тәжірибесін мойындағаны ма, сессияның модераторы Ричард Хаас Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше ілтипат білдірді. Ричард Хаас, халықаралық қатынастар кеңесінің президенті: – Сіз мен көрген сауатты президенттің бірісіз, әлде бұл сәйкестік пе? Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Мен қарапайым президентпін. Осы сессияға Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Ашраф Ғани да қатысты. Президенттер күндіз ғана жеке кездескен, кешке сессияда кездесті. Панельдік сессияда Қазақстан президентінен Орталық 

– Мен Орталық Азия және Ауғанстан деген форматқа позитивпен қараймын. Бұл формат біздің аймақта тұрақтылықты орнатуға сеп болады деп санаймын. Ауғанстан – Орталық Азияның бөлігі. Оған қоса Қазақстан үшін жақсы серіктес. Екі ел арасында ортақ жобалар бар. Мысалы, білім бағдарламасы негізінде 1000-ға жуық Ауғанстан студенті Қазақстанда білім алды. Былтыр 31 студент Қазақстанға оқуға келді - деді Қасым - Жомарт Тоқаев

 – Бүгінгі панельдік сессияда сарапшылар мен журналистердің көп қатысуы қазіргі уақытта Қазақстанның аймақтық және халықаралық процестерде алатын ерекше орнын көрсетіп отыр. Өздеріңіз байқасаңыздар, бүгін Қазақстан Президентіне қойылған сұрақтар түрлі тақырыптарды қамтыды. Осы орайда аймақтық қауіпсіздік, Сирия мен Ауғанстандағы қазіргі жағдай, Орталық Азияның саяси-экономикалық дамуы, алпауыт елдермен қарым-қатынас, сондай-ақ коронавирусқа қатысты сұрақтар қойылды. Себебі бүгінде жалпы халықаралық жағдай АҚШ, Ресей мен Қытай секілді алып мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Дәл осы жағдайда Қазақстан аталған алып мемлекеттермен тиісті қарым-қатынасты орната білді. Сондықтан Қазақстанға қатысты сұрақтар бүгінгі панельдік сессияда қойылды. Панельдік сессия бір сағаттан астам уақытқа созылды. Оның қорытындысы бойынша қазақтандық журналистерге сұхбат берген халықаралық қатынастар кеңесінің президенті Ричар Хаас «Қазақстан президенті маңызды ұстанымын білдірді»  - деп қорытты ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан қарин.

Ричард Хаас: «Мюнхенде Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды ұстанымын білдірді»
Атырау облысында бес вагон рельстен шығып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу