Қазақстанның Тұңғыш Президенті: «Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет»

Oinet.kz 17-02-2020 1729

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесті, деп жазады Elbasy.kz.

Screenshot_50.jpg

Кездесу барысында Елбасы жаңа Премьер-Министр орынбасарының алдында денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту салаларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. 

– Өткен жылдан бері әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет. Тұрғындармен кездесу керек. Қабылданған шараларды түсіндіру маңызды. Сізде жеткілікті тәжірибе бар. Еліміздің екі аймағында, Қазақстан халқы Ассамблеясында қызмет еттіңіз. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясында жұмыс істедіңіз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

«Котел немесе черная қассаға» алданып қалмаңыздар
Коронавирус. Қаза болғандар саны 1886-ға жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу