Қайрат Қожамжаров қызметінен кетті

Oinet.kz 18-03-2019 1331

Screenshot_1.jpg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Бас прокурор қызметіне бұрын бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарған Ғизат Нұрдәулетовты тағайындады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы Алматы облысы Қаракестек ауылында дүниеге келген. Заңгер мамандығы бойынша ҚазНҰУ тәмәмдаған.

Еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған.

Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған.

1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департамент бастығы, тергеу департаменті бастығы лауазымында еңбек еткен.

2016 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды.

2017 жылы шілде айынан бастап соңғы тағайындалуына дейін Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры. II деңгейлі «Айбын» орденімен марапатталған.

Отбасылы, үш баласы бар.


Елемес Сабыров: «Серік Тұрбековке елдің саулығы керек емес сияқты»
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу