Жетісай қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Oinet.kz 30-04-2020 1069

Сот үкімін Сыбайлас жемқорлық қызмет агенттігі жария етті.

Чиновницу задержали за взятки в Атырау

Түркістан облысы Жетісай қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бір күн бұрын, 29 сәуірде Жетісай аудандық соты Жетісай қаласы әкімінің орынбасары К.Т. Смайыловқа қатысты үкім шығарғанын хабарлады. Ол шағын және орта бизнесті дамыту үшін жер телімін алуы үшін кәсіпкерден 500 мың теңге көлемінде пара алды деп танылды. Ол ақшаны алдау және өзіне артылған сенімге қиянат жасау арқылы алғандығы айтылады.

Бұл үшін бұрынғы лауазымды тұлғаға мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, оған қоса 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ 24 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы А.Р.Жеребаевқа мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру және 1 миллион теңге айыппұл салу туралы сот шешіші шыққаны хабарланды. Ол біреуді әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімін шығармауы үшін 100 мың теңге параны алаяқтық жолмен алғандығы атап өтіледі.

Қазақстанда кімдерге 4 мамырдан бастап жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі?
Қазақстанда тағы 83 адам COVID-19 жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу