Қазақстанда кімдерге 4 мамырдан бастап жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі?

Oinet.kz 30-04-2020

4 мамырдан бастап барлық аймақтарда жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет тізбесін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

news_full15819467640ef4871b3ec3b173e79685671298f359.jpg

4 мамырдан аймақтарда мына орындар жұмысын қайта бастайды:

  • ауданы 500 ш.м.-ге дейін жететін азық-түлік емес дүкендер 17:00-ге дейін жұмыс істейді;

  • фотосурет дүкендері, гүл сататын дүкендер;

  • шаштараздар (алдын-ала жазылу бойынша);

  • медициналық орталықтар (алдын-ала жазылу бойынша);

  • стоматологиялық клиникалар (алдын-ала жазылу бойынша);

  • жылжымайтын мүлік компаниялары, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;

  • микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Сонымен қатар, облыстардың әкімдіктеріне тиісті шаралар қабылдауды және 4 мамырдан бастап жұмысын қайта бастайтын нысандардағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Президент өкілеттігін кеңейтпек
Жетісай қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×