Мирзияев қазақтармен бір дариядан су ішіп отырғанын енді есіне түсірді

Oinet.kz 06-05-2020 1856

Oinet.kz хабарлайды - Өзбекстанның Сардоба су қоймасында болған апаттан Түркістанның Мақтаарал ауданындағы елді мекендерге аса ауыр зардап келді. 800-ден астам баспана су астында қалды. Өлген малдың шығыны әлі есептеліп жатыр. Ауыл шаруашылығы аса ауыр зардапқа ұшырады. Бірақ осыған қарамастан Қазақстан Өзбекстан тарапына ешқандай талап қоймайтын сияқты.

Screenshot_1.jpg

-Өздеріңнің жауапсыздықтарың мен салғырттықтарыңның салдарынан келген бүкіл шығынды өтейсің,-дегендей қатаң талап қойылмайтынға ұқсайды. Көрші ел бізге осы апаттың зардаптарын жоюға көмектесетін болды. Бары осы ғана. Дәл қазір бәріне түсіністікпен қараған Қазақстанға Өзбекстанның алғыстан басқа айтары жоқ. Өзбек басшылары тұрса да, отырса, қазақтармен бауырластықтарын,  араластықтарын алға тартып, іші бауырымызға кіріп жатыр.  

Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзияевтің алқалы жиында сөйлеген сөзін қазір көптеген ақпарат құралдары беруде.  

-Су қоймасында болған апаттан  жан көршіміз Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендер су астында қалды. Мен осы жөнінде Қазақстан президенті Тоқаевпен бірге телефон арқылы сөйлестім. Екіарадағы әңгіме  түсіністік және ашықтық сипатында болды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкев бастаған делегация оқиға орнына келді.  Біз бауырлас қазақ халқымен ежелден  бір дариядан су ішіп келген, құда-жегжат болған елміз. Қиыншылық жылдары бір- бірімізді қолдап-қуаттап отырғанбыз. Тосыннан болған техногендік сипаттағы апаттың қазақ бауырларымызға зиян тигізгеніне жүддәям қиналамыз.  Көптеген адамдар көшеде қалды. Зарар көрді. Бірақ біз қол қусырып отырмаймыз. Бірлігімізді осындай басымызға қиын іс түскен кезде білдіріп, бәрін бірге көтереміз,-деді Мирзияев (президенттің айтқандарын сөзбе-сөз емес, мағынасына қарай аударып беріп отырмыз). 


ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

d91eeef5434c91e77aeab7e8e79f95e7.jpg

Сіз кімсіз, Мирзияев мырза?

Мирзияев қазақтармен бір дариядан су ішіп отырғанын осындай қиын кезде еске түсірді. Ал бұған дейін өзбек өкіметінің қазақтарды қыста суға қарық қылып, шіліңгір шілдеде ағын судан зарықтырып келгені рас. Қайбір жылдары Өзбекстан  Арнасай бөгенінен Айдаркөлге баратын құлдиламаға бөгет салып, бірнеше жыл  қатарынан Шардара су қоймасын шарасыз жағдайда қалдырған. Соның салдарынан Сырдарияның төменгі жағында отырған қаншама ауылдар су астында қалды. Ақыр аяғында Көксарай су қоймасын салуға мәжбүр болдық. Шавкат Мирзияев бұл кездері Өзбекстан үкіметін басқаратын еді. 

Жалпы Орталық Азия елдері арасында трансшекаралық өзен-суларды пайдалануда ортақ келісімнің жоғы рас.  Судың жоғары жағында отырған  елдер білгенін істей берсе, қандай келісім болсын.  Судың соңында отырған Қазақстан әлі талай зардап шеге береді.

Ермекбаевқа генерал-лейтенант атағы Арыстағы масқара жағдай үшін берілді ме?
Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу