«Мирзиёев диктатурасына кінәлі мемлекет біз»: Серік Хасенов

Oinet.kz 03-07-2022 4326

Өзбек халқының жұмызсыздық проблемасын шешіп беріп отқан бірден-бір мемлекет біз. Және оны мемлекетпен бірге халық та жасап отыр. мемлекеттің кінәсі шекараны қадағаламауда. Монополисттік құрылыс компанияларының ығына жығылуында. Оларды пара алып кіргізетіндігінде шығар.

Screenshot_5.jpg

Егер арзан қол жұмысшы табын тоқтатсақ, өзбек елінің демократиясына үлкен үлес қосар едік. Демократиялық көрші ел артық етпейді. Бүгін Мирзиёев конституциямен емес жұмыссыздықпен басын қатырып отыратын еді. Құрылыстағы көп проблеманың арзан қол жұмысшылар табы жасайтынын түсіндіріп көрейін.

Мысалы олардың арзан бағаға жасап жатқан жұмыстары Қазақстан экономикасына үлкен соққы. Себебі, олар табысының 90% астамын  еліне жіберіп тұрады. Қазақстанда артық тиын шығармайды.

(Орта есеппен жылына келіп кететін 1 000 000 жұмысшы десек, олардың айлық табысы 600$ еліне жіберетіні 500$ делік.

1 000 000×500=500 000 000×12=6млрд$ 

орта есеппен жылына өзбек еліне құйып жатқан халықтың "инвестициясы". Бұл ең аз болжаммен жасағанда.)

Қазақстан азаматтарының еңбегін құнсыздандыру арқылы жұмыссыздар санын арттырып жатыр.

Себебі отбасы осы елдегі азамат оларға еңбек нарығында бағаға конкуренция жасай алмайды.

(Қарапайым мысал, екеуінің балалары екі түрлі бағада киінеді т.с.т.)

Көп адам үйдің жөндеу жұмыстарына өзбек ағайындарды алдыртады. Неге? Арзан. Бастапқыда айтылған баға ғана арзан.

Көбі білмей олардың сұраған материалдарын алып береді. Сосын олар айтылған материалдың 20-30% қайта сатады. Жарты бағасына. Өзіміздің "деловой" қазақтар алады. Базардағы бір-бір нүктені "байлап алған". Ол оны базарда тағы сатады.

(Қарапайым бір мүшек цементты алайық. Жоғарыда айтылғандай ол төрт рет сатылады.

Бірінші бағасы 2000тг делік. Одан жарты бағаға сатса, одан кейінгі "деловой" үстінен қосса, базарда тағы 2000тг сатады.

2000+1000+1500+2000=6500 уот так...

Сосын тауар қымбаттағанға өкпелейміз...

Сонда біз тауарды қолдан қымбаттатуға ат салысып жатқанымызды білсекші...)

Негізгі дегендерін, сұранысқа негіздеп тізе тұрдым. Тәптіштесең оданда көп проблема...

Қазіргі Ресей мен Украинадағы ахуал тіпті олардың санын күрт көбейтті. Соғыс болып жатқан екі елдегінің барлығы дерлік осында келді...

Жағдайды үсті-үстіне ушықтырды.

Онымен күресудің бір жолы ғана бар. Ол сұраныссыз қалдыру.

Әрине үлкен компанияларға бәрі бір. Оларға жұмыс атқарылса болды. Арзан бағаға тіптен қуанады. Бірақ көп проблемаларды да солар жасайтынын білетін шығар?!... оны кейін жаза жатармын...

Бұл жерде халық болып "cancel culture" қолдану керек шығар... тым құрығанда...

Әсіресе кеше Қарақалпақстанды қолдағандар, сіздерде екі есе жауапкершілік болу керек...

Мемлекет шекараны реттемейтіні айдан анық. Себебі үлкен құрылыстық монополисттер оған мүмкіндік бермейді...

Көршің байыса қуан деген сол екен). Өзбекстанның дамуы, көптеп завод ашуы тоқтататын шығар деп сенейік...басқа амал жоқ сияқты да.

Киіктің емес, арзанқол жұмысшы табының көбеюі бес тіпті он есе үлкен проблема екенін түсінетін адамдар үкіметте бар екеніне күмәнім бар.

Серік Хасенов

(facebook парақшасынан алынды)

iPhone-да қазақ тілі пайда болады
Медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорынның болашағы зор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу