Медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорынның болашағы зор

Oinet.kz 03-10-2022 420

image.png

Кәсіпкерлік – мемлекетті алға сүйрейтін басты салалардың бірі. Сондықтан отандық кәсіпкерлерді қолдау мен дамытуға мемлекет басым көңіл бөліп келеді.  Әсіресе түрлі бағдарламалардың жүзеге асырылуы кәсіпкерлік саласының қанатын кеңге жаюына септігін тигізуде. Мәселен  «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы талай жобаны қанаттандырып келеді. Аталмыш бағдарлама 2010 жылдан бастап табысты іске асырылуда. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалар ішінде ең сұранысқа ие бағдарлама болып саналады. Бағдарлама бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдауды қарастырады. Дәл осы бағдарламаның арқасында Шымкент қаласында көптеген кәсіпорындар ашылып, бірталай кәсіпкерлер өз ісін дөңгелетіп отыр. Айталық қаладағы фармацевтика саласындағы «Green Cross Eco» ЖШС-нің  «Медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі» деп аталатын медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорын  «Бизнестің жол картасы- 2025» бағдарламасы шеңберінде өз жұмысын бастаған болатын.  

Жобаның құны 500 млн теңгені құрайды. Мұнда жаңадан 50 жұмыс орны құрылған. Кәсіпорын жылына иммуноферментті анализдің 500 мың жинағын және 70 миллион  инсулинді ине шығаруға қауқарлы.  Бұған дейін медицинада адам өмірі үшін аса маңызды инсулиндік инелер шетелдерден әкелінсе, енді өзімізде өндірілуде.  Әзірге, инсулинге тәуелді ауруларда қолданатын автомат ручкаға инсулиндік иненің 6 түрі шығарылуда. «Бұйыртса, жаңа бағыттағы өндіріс орны ел нарығын ғана қамтып қоймай, шетелге шығады деген үміттеміз»,- дейді кәсіпорын басшысы Гүлия Жүзенова.

«Тассай» индустриялды аймағында орналасқан өндіріс ошағы  былтыр ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған болатын. 

Сала мамандарының айтуынша Тәуелсіздік жылдарында қалаға тартылған инвестиция көлемі 2,6 триллион теңгеге жеткен. Оның тең жартысы соңғы 3,5 жылдың үлесіне келеді. Отыз жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6 мыңнан 74 мың бірлікке, онда жұмыспен қамтылғандар саны 35 мыңнан 168 мың адамға артқан. Ал, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде былтыр 7,8 млрд  теңгеге 1 946 жобаға қолдау көрсетілген. Осылайша Шымкент қаласы мегаполис болып қалыптасты. Шымкент – бір-біріне қызмет көрсетіп, бір-бірінен тауар алатын үлкен нарыққа айналып үлгерді.  

«Мирзиёев диктатурасына кінәлі мемлекет біз»: Серік Хасенов
Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу