Жаңа Президент Астананың атын «Нұрсұлтан» деп өзгертуді ұсынды

Oinet.kz 20-03-2019 1075

nur_5b401abd8abda.jpg

Бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.Осылайша, ол ресми түрде мемлекет басшысы қызметіне кірісті. Жаңа Президент өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін тарихта сақтап қалу үшін бірнеше ұсыныс айтты. Сол ұсыныстардың бірі - ел ордасы Астана қаласын "Нұрсұлтан" деп өзгерту болды. Бұл ұсынысқа залда отырғандар орындарынан тұрып кетіп, ұзақ қол шапалақтады. Сонымен қатар, тұңғыш Президентке "Халық қаһарманы" және "Еңбек ері" атағын беруді ұсынды.

ОҚО-да Исмайловтың қуғынына ұшыраған дәрігерлер көбеюде
Кентау әкімі Қалмұрзаевтің дауға Елбасының атын араластыруы бақай есеп пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу