Тоқаев Білім министріне мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырды

Oinet.kz 05-08-2020 3756

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Screenshot_2.jpg

Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді.

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның ішкі саясатына араласпайды!
Қордай ісіне қатысты тергеу аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу