Мұхтар Құл-Мұхаммед Дариға Назарбаеваның бұрынғы орнына отырды

Oinet.kz 28-03-2019 1058

Screenshot_1.jpg

Сенаттың кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммед сайланды деп хабарлайды Baq.kz

Жиын барысынада Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кандидатурасын ұсынды.

«Мұхтар Абырарұлы қоғам және мемлекет қайраткері. Ол «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, мемлекеттік хатшы, министр, облыс әкімі болған. Аса жауапты лауазымдарда қызмет атқарған, білімді және тәжірибелі депутат», - деді Дариға Назарбаева. 

Сенаторлардың бірауыздан  қолдау туралы шешімімен Мұхтар Құл-Мұхаммед Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы болып сайланды.

5c378ac7ed7666eb98032a42e69e536d.jpg

Қонаевтың қолын алуға қорқатын заман да болған...
«Қаламқас» кен орнындағы өрт толықтай сөндірілді - Энергетика министрлігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу