«Әкесі секілді мансабы жоғарылайды». Сапарбаев ұлының жаңа қызметі жайлы айтты

Oinet.kz 09-04-2019 869

384331.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев үкімет отырысында ұлының мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz .

Айта кетейік, Жансұлтан Сапарбаев елорданың "Есіл" ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бердібек Сапарбаев ұлының басшылыққа келуіне өз қатысы жоқ екенін алға тартты. 

"Ұлымның Қазақстанның азаматы ретінде өз құқығы бар. Бұл оның таңдауы. Ол өздігінен шешім қабылдай алатын адам. Оған менің қатысым жоқ. Ондай әдетім де жоқ. Бұдан арғысы ұлымның өзіне байланысты. Егер жұмыс істесе, әкесі секілді мансабы жоғарылайды. Ол адал қызмет етуге міндетті", - дейді Бердібек Сапарбаев. 

2016 жылы мемлекеттік қызметте мансабын бастаған Жансұлтан Сапарбаев ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болған еді. Елорданың "Сарыақра" ауданы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды. "Бәйтерек" холдингінде, "Қазақмыс" корпорациясында түрлі қызметте болды. 

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg


 

Президент бүгін халыққа үндеу жолдайды
Ерғали Білісбековтікі ерлік пе, еркелік пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу