Әбдірахымов Шымкенттің бас дәрігерін Алматыдан алып келді

Oinet.kz 15-04-2019 854


 5cb441ad0e847.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Асхан Мархабайұлы Байдувалиев тағайындалды.

- Бүгін жаңа басқарма басшысын  таныстырған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов біліктілігі жоғары және медицина ғылымының кандидаты Асхан Мархабайұлына алдағы жұмысына сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді,-деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Асхан Мархабайұлы  - 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қарағанды медицина институтын және С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінің магистратурасын бітірген, мамандығы - дәрігер. 

Еңбек жолын С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің урология кафедрасының ассистенті болып бастады. Кейін Алматы қаласындағы Қазақстан медициналық университеті урология кафедрасының меңгерушісі, Алматы облысы «Қарасай ауданының емханасы» МКК директоры, 2012 жылы ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры. 2015 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды. Ал 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін  С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің дипломнан кейінгі білім факультетінің деканы және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ клиникасы департаментінің директоры қызметін атқарып келген.

Шымкенттің бас дәрігері лауазымына Әбдірахымов былтыр Павлодардан Нұрлан Қасымовты әкеліп тағайындаған болатын. Қасымов оншақты жыл бұрын Шымкенттегі облыстық аурухананың бас дәрігері лауазызымын атқарған. Ол биыл қаңтарда қызметінен кетті. Журналистерге берген сұхбатында ол қызметтен кету себебін отбасылық жағдайымен байланыстырған еді.

 

WhatsApp Image 2019-04-15 at 09.38.39.jpeg

Екінші президенттер…
Асқар Оспановтың қадамын оң бағалауға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу