Есімов «Самұрық-Қазынаның» басына күн төнгеніне алаңдайтынын айтты

Oinet.kz 16-04-2019 929

Screenshot_3.jpg

Қор активтерінің бұғатталуы елдің инвестициялық ахуалына кері әсерін тигізеді. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Өкінішке қарай, активтердің бұғатталуына байланысты қорды шетелдік юрисдикциялардағы сот процестеріне ұдайы тарту практикасы белең алып барады", - деді Есімов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2017 жылы қорға тиесілі құны 5 миллиард долларды құрайтын Қашаған акцияларына шектеу қойылған. Ал 2018 жылы қорға тиесілі құны 38 миллион доллардан астам Түркиядағы "Шекербанк" акциялары бұғатталыпты.

"Қор активтерінің бұғатталуы біздің активтеріміздің инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай жағымсыз әсер етуде. Мен мұны тек Роман Васильевичке (индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Скляр – Sputnik) айтып отырғаным жоқ. Біздің ел үшін мұның қаншалықты маңызды екенін басқа да жігіттер жақсылап түсінсін дегенім ғой", - дейді Есімов.

Осыған байланысты "Самұрық-Қазына" қоры әділет және қаржы министрліктеріне республикаға қарсы шығарылған халықаралық арбитраждық процестер бойынша шешімдерді орындау тетігін әзірлеуді ұсынған.

"Ондай механизм болса, Ұлттық қордың, квазимемлекеттік сектордың активтерінің бұғатталуынан қорғануға болады", - дейді ол.

Асқар Оспановтың қадамын оң бағалауға болады
Шөкеев бүгін үш басқарма басшысын тағайындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу