Президенттің спортпен айналысып жатқан фотосы пайда болды

Oinet.kz 19-04-2019 1077

Screenshot_1.jpg

Әлеуметтік желіде жаттығу залында жаттығып тұрған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті пайда болды. Желі қолданушысы Гүлнара Қатибаева президенттің фотосын өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Бойжеткен "Жаңа президентке жайлы қандай пікірдесің?" деп сұрағандардың бәріне жауап берген.

Ол өзіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай қасиеті ұнататынын да айтты.

"Маған жаңа президентіміздің келісті ер азамат екені ұнайды. Оның келбетінен үнемі өз-өзіне деген сенімділігі байқалады. Бұдан оның интелегентті, биязы адам екенін көруге болады", - деп жазды бойжеткен.

Сондай-ақ желі қолданушысы мемлекет басшысының спортқа деген махаббатын да жоғары бағалады.

"Сонымен қатар маған ол кісінің салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатыны ұнайды", - деп жазды ол.

Мақтаралда орамал дауынан кейін 7 оқушы 3 ай сабаққа бармаған
Тоқтар Әубәкіров Президенттің командасында болғысы келетінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу