Демократиямыздың деңгейі Ауғанстанмен шамалас

Oinet.kz 11-12-2020 889

Қазақстанда сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өтіп келеді. Мемлекет барлық уақытта елдің пікіріне құлақ асады. Мұндай демократиялық елді жерді жеті айналсаңыз да табуыңыз қиын. Алайда біз солай ойлағанымызбен, өзгелердің біз туралы пікірі мүлдем басқаша болып шықты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ауғанстан Қазақстан.jpg

Демократия индексі немесе әлем елдеріндегі демократияның деңгейі (ағылшынша Democracy Index) рейтингісінде Қазақстан тізімнің соңғы жағында Ауғанстан, Камерун сияқты елдермен қатар орналасты. 

Аталған рейтингке әлемдегі 167 ел қатыстырылған. Тізімді жасау үшін 5 топ бойынша 60-қа жуық көрсеткіштер есепке алынады.  Оның ішінде сайлау мен плюрализм,  азаматтардың бостандықтары, үкіметтің жұмысы, саяси мәдениеттілік сияқты көрсеткіштер бар. 

2020 жылғы рейтинг бойынша әлемдегі ең демократиялық ел деген атаққа Норвегия лайық деп танылды. Алғашқы бестікке Исландия, Швеция, Жаңа Зеландия және Финляндия кірді. Ал Қазақстан 139-орынды иеленді. Айта кетері, алдыңғы жылдармен салыстырғанда Қазақстандағы демократияның дамуы жаман емес сияқты. Өткені еліміз 2018 жылы аталған рейтингте 145-орын алған болатын. 

Рейтингте Ресей 134-орынды иеленіп, бір жыл ішінде бірден 10 сатыға көтерілді. Литва — 36 орын, Латвия — 38,  Украина-78, Молдова — 83, Армения — 86, Грузия — 89-орында тұр. Орталық Азия елдерінің ішінде Түркіменстан — 162, Тәжікстан— 159 , Өзбекстан — 157, Беларусь — 150, Әзірбайжан-146, ал Қырғызстан  — 101-орынды еншіледі. 

Саясаткер Ермұрат Бапи белсенді Сәмбетайды шықшытынан ұрып, ішінен тепті (видео)
Депутаттық орын 200 мыңнан, 1 миллион долларға дейін сатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу