Амалбек Тшанов: Алдымен жаңа ипподром салып, сосын ескісін бұзу керек

Oinet.kz 21-01-2021 2037

Үшінші мегаполисте өршіп тұрған ипподром дауына қатысты 1992-94 жылдар аралығында Шымкент қаласы әкімшілігінің басшысы лауазымын атқарған, одан кейінгі жылдары  Құрылыс министрі, Жамбыл облысының әкімі, Мәжіліс депутаты болған Амалбек Тшанов бұл мәселеге қатысты былай деді:

Шымкенттің бұрынғы әкімі.jpg

АСЫҒЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАМАУ КЕРЕК

– Өздерің білетіндей ипподром кезінде Асанбай Асқаровтың  күшімен салынған нысан.  Мен қалаға әкім болып келгенімде атшабардың жағдайы тіптен мүшкіл еді.  Әбден тозығы жетіпті. Елде экономикалық дағдарыс өршіп тұрған уақыт еді. Соған қарамастан 15 шақты мекемені жұмылдырып, атшабарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік, оны қайтадан халықтың игілігіне бердік.  Әлі есімде, 1993 жылы алғаш рет жазушы Шерхан Мұртазаның қатысуымен үлкен шара өткізгенбіз. Өз басым  ипподромның сүріліп кетуіне  қарсымын. Құрылыс компаниясына одан өзге жер табылмай қалыпты ма?

– Қазіргі ипподром стандартқа сай келмейді дегенге келісесіз бе?

– Қазіргі  талаптардың  қандай екенін білмеймін, бәлкім өзгерген шығар. Алайда ол кезде жарыстың бәрі сонда жап-жақсы өтетін. Ешқандай қиындық  болмаған. Трибунасы да жеткілікті  еді.

– «ВІ group»  компаниясы өз қаражатына жаңа ипподром саламыз деп уәде беріп отыр... 

– Егер компания өкілдерінің мұндай уәдесі болса, бұл бөлек әңгіме. Әйтсе де асығыс шешім қабылдамаған дұрыс. Меніңше, алдымен жаңа атшабарды салу керек. Содан кейін барып ескісін бұзса қисынға келеді. Алайда баспана құрылысына дәл сол жер  лайық  емес. Кезінде ипподром салынған кезде төмендету үшін қазылып, қаншама топырағы сыртқа шыққан. Сайда орналасқан тұрғын  үйде өмір сүру адамдарға ыңғайсыздық туырады. Мен мұны құрылысшы ретінде айтып отырмын.

ТОЛЫҒЫРАҚ:

Ипподром мәселесі.jpg

Шымкенттегі ипподром дауына қатысты экс-әкімдердің пікірі де екіге жарылды

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Заңды байқамай қолдап жібергенін мойындады
Қайрат Молдасейітов: Ипподром айналасындағы жерлер уақтысында сатылып кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу