Тоқаев Назарбаев туралы шындықты айтты

Oinet.kz 28-01-2022 1667

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі өтуде. Съезінде Мемлекет басшысы бірауыздан "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып сайланды.

Screenshot_1.jpg

Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің іргесін қалауда Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі туралы да айта кетті. 

“Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді.

Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез-келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық”, – деді ол. 

Бұған дейін "Nur Otan" Төрағасы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды.

Тоқаев Назарбаевтың соңғы билігін де алып қойды
Тоқаев Назарбаевты қорғап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу