Ерболат Досаевтың ержүректігі Елбасын таңғалдырды (видео)

Oinet.kz 31-01-2022 2184

Бүгін Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған Ерболат Досаев осыған дейінгі кей қызметтерінен өз еркімен кеткен болатын. Әсіресе оның Ұлттық экономика министрі лауазымен кеткен кезі әлі ел есінде. Ол жиын үстінде сол кездегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан өзін отсавкаға жіберуді сұрайды. 

Screenshot_2.jpg

Бұл туралы қоғам белсендісі Самат Нұртаза Facebook парақшасында жариялады. 

"Е.Досаевты танымаймын, өмірімде көрмедім. Бірақ мына видеодағы сөзіне қарап, мінезі бар екенін түсіндім. Назарбаевтың дәуірінде Елбасыға “Жұмыстан кетемін!” деп айтуға да бір жер шыдау керек екенін түсінетін шығарсыздар. 

Менің ойымша Қасым-Жомарт Тоқаев мінезді, лауазымға жабыспайтын, керек болса басын бәйгеге тігетін адамдарды ұнататын сияқты. Ол да дұрыс шығар. Себебі талай әкім/министрлар қанша қате жасаса да, орынбасарлары парақорлықпен ұсталып жатса да, жылы орыннан кетпей қояды. Көріп жүрміз. 

Тіпті президентіміздің “Менің курсымды қолдамасаңдар, жұмыстан кетіңдер” деген сөзінен кейін кетпегендерді көрдік. Досаев Алматыға қандай әкім болатынын білмеймін. Мүмкін ұнар, мүмкін ұнамас, бірақ мінезі бар адам екені ұнап тұр. Қалғаны уақыт еншісінде", - деп жазды Самат Нұртаза.

Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаев кім?
Нығматулин не бүлдіріп қойды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу