Президенттің батыл шешімдерінің арқасында елдің тұтастығын сақтап қалдық - сенатор

Oinet.kz 10-02-2022 1449

Сенатор Әли Бектаев вице-премьердің атына жазған депутаттық сауалында биылғы жыл ел үшін оңай басталмағанын айтты. Оның айтуынша, қылмыстық топтар қарапайым халықты өз мүдделері үшін пайдаланды, нәтижесінде кінәсіз адамдар зардап шекті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Egemen.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

«Биылғы жыл еліміз үшін күрделі ахуалмен басталды. Бұл оқиға халыққа да, билікке де үлкен сабақ болды. Қиын-қыстау шақта жағдайды бақылауда ұстауға міндетті мемлекеттік органдардың қауқарсыздық танытқанын көрдік. Мемлекеттің Тәуелсіздігі мен болашағына қауіп төнген сондай қысылтаяң кезде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, уақтылы әрі батыл стратегиялық шешімдер қабылдады. Ең бастысы, Президентіміздің батыл шешімдерінің арқасында мемлекеттігіміз бен еліміздің тұтастығын сақтап қалдық. Мемлекет басшысы барлық жағдайды ашып айтып, теледидар арқылы халыққа дер кезінде бірнеше үндеу жариялап, ашық ақпараттық саясат ұстанды», делінген сенаторлар жолдаған сауалда.

Қазіргі уақытта Президент Үкімет алдына жаңа Қазақстанды құруға бағытталған нақты міндеттер қойды. Сенатор бұл бағытта ұлттық идеологияны қалыптастырып, жастармен жұмысты күшейту керектігін айтты. Оның айтуынша, қаңтардың қасіретті күндері алаңға шыққан жастардың көпшілігі деструктивті күштердің арандатуына бой алдырды.

Ақтауда тегін үйді талап еткен көпбалалы аналар орталық көшені жауып тастады (видео)
Сапарбаевтан енді пайда бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу