" />
" />
" /> Берік Уәли "Қазақстан" телеканалына бастық болды ма?-Жаңалықтар

Берік Уәли "Қазақстан" телеканалына бастық болды ма?

Oinet.kz 14-02-2022 1166

Screenshot_3.jpg

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі мүшелерінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли «Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл ақпаратты бүгін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы таратты. Берік Уәлидің қазіргі уақытта Президенттің баспасөз қызметі лауазымын атқаратындығы белгілі.  Директорлар кеңесі жоғарыда айтылғандай сайланбалы, яғни, өкілетті орган болып табылады. Берік Уәли 2019 жылдан бергі аралықта "Президент телерадиокешені"  директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келеді.  

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының ресми сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда,  Қоғамның жоғары басқару органы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің атынан Жалғыз акционер болып табылады. Акционердің мүдделерін қамтамасыз етуді бақылау және құқықтарын сақтауды Қоғамның стратегиялық басқару органы болып табылатын Директорлар кеңесі жүзеге асырады. Яғни, Берік Уәли басшылық ететін кеңес "Қазақстанның" тек стратегиялық басқару органы саналады.

Ал, Қоғамның ағымдағы қызметіне Басқарма басшылық етеді.

Қазіргі уақытта «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы қызметін Ләззат Танысбай атқарады. Ол бұл қызметке 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.

Қызметінен кеткен Түркістанның бас мұғалімі жаңа лауазымға тағайындалды
Аркадағ Елбасының қателігін қайталағысы келмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу