Қызметінен кеткен Түркістанның бас мұғалімі жаңа лауазымға тағайындалды

Oinet.kz 14-02-2022 1600

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаевтың қызметінен босатылғаны рас болып шықты. Мұны бүгін экс-басшының өзі фейсбуктегі парақшасында растап, өзінің жаңа лауазымға тағайындалғанын хабарлады.   

Screenshot_2.jpg

-Күні кеше, өз өтінішім негізінде басқа жұмысқа ауысуыма байланысты атқарып отырған лауазымнан босатылдым. Өзіме сенім білдірген облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев мырзаға, қызмет барысында қолдау көрсеткен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағанбетов мырзаға, әкімдіктегі және басқармадағы әріптестеріме, аудандық білім бөлімдеріне, өңірдегі барлық педагогтерге, ата-аналарға шынайы алғысымды білдіремін. Біздің елдің ұрпағы өте дарынды, талантты. Алдағы уақытта елдің атын әлемге паш етіп, көк байрағымызды абыроймен ұстар білімді ұрпақ көбейсін деген тілегімді білдіремін. 

Жаңа қызметіме тоқталар болсам, Елордағы «Сеніммен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағалық қызметіне тағайындалдым. 

«Сеніммен болашақ» қоғамдық бірлестігінде - бала құқығы, денсаулығы, қауіпсіздігі, саналы да білімді ұрпақ, сапалы отбасы және оның құндылықтары жұмысын үйлестіру міндеті алдымда тұр. Сондықтан әлі де талай әріптестік қызметте болатыныма сенемін. Жаңа қызметімде Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық даму министрлігі, Ішкі істер министрлігі, облыстық әкімдіктер, сонымен қатар, республикадағы үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдармен бірлескен үлкен жобаларды іске асыратын боламыз,-деген Рахымбек Жолаев өзінің жазбасында.

Рахымбек Жолаев Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы қызметіне 2019 жылдың тамызында тағайындалған болатын.

Әкімдерді сыпыра жамандау сәнге айналды - Дархан Мыңбай
Берік Уәли "Қазақстан" телеканалына бастық болды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу