«Орыс тілін мойындауымыз керек» Тоқаев не үшін сұхбатты орыс тілінде бергенін айтты

Oinet.kz 17-02-2022 920

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында  не үшін еліміздегі қаңтар оқиғасы туралы сұхбатты ең бірінші орыс тілінде бергенін түсіндірді.  

Screenshot_7.jpg

"Менен бұған дейін көптеген телеарна бірнеше рет сұхбат беруді сұраған болатын. Мен олардың ешқайсысына келіскен жоқпын. Кейін тек «Хабар» арнасына ғана сұхбат беремін деп шештім. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты, соларға тоқтау салу керек болды. Сол сұхбат орыс тілінде жасалды. Өйткені, Қазақстандағы ахуал жөнінде шынайы ақпаратты, ең алдымен, әлем жұртшылығына беру керек еді. Содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатты кеңінен таратып, барынша пайдаланды. Оны өзіңіз білесіз. Қалай десек те, орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілінің бірі. Оны мойындауымыз керек", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Тоқаев Алматыда алаңға шыққандарға сенбейтінін айтты
«Өзіме үлкен сабақ болды»: Тоқаев Назарбаев туралы өз шындығын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу