Ресейлік миллиардер астананы Мәскеуден Сібірге ауыстыруды ұсынды

Oinet.kz 03-03-2022 1191

Өткен жылы Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей астанасын Мәскеуден  Сібірге ауыстыру туралы ұсыныс айтқан болатын. Бүгін ресейлік миллиардер, "Вольное дело" қорының негізін салушы Олег Дерипаска да  осы ұсынысты жеткізді.  РИА Новостидің жазуынша миллиардер өз ойын Красноярск экономикалық форумында айтқан

Screenshot_26.png

"Біздің қызығушылығымыз Азияда болса, астананы Мәскеуде қалдырудың не керегі бар? Мүмкін астана Новосибирск немесе Красноярскте болса, барлығы өзгеше болатын шығар? Егер бұл қадамға дайын болмасаңдар, биліктің бір бөлігін осында берейік. Жаңа банктер, жаңа қаржы институттары құрылады. Қарапайым заттарда алу үшін Мәскеуге ұшып барудың не керегі бар", – деді кәсіпкер. 

Миллиардердің сөзінше, ол өзі үшін бірнеше қорытынды жасаған және бұлармен бөлісуге дайын. 

"Бірақ алдымен бейбітшілік орнағанын қалаймын", – деді Дерипаска. 

Ақын Аманжол Әлтаев Мәжіліс депутаты болып сайланды
Рамзан Қадыров: Шешенстанды тастап кеткен шайтандарды құрту керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу