Күйеу бала. Ғалымжан Есенов

Oinet.kz 14-09-2014 1275

Screenshot_8.jpg

Отыз жастан енді асқан шағында көк ақшаның астында қалған кәсіпкерлер Қазақстанда саусақпен санарлық. Солардың бірі Һәм бірегейі– Ғалымжан Есенов. Еліміздегі ең ауқатты 50 олигархтың ортасынан ойып тұрып орын алған бұл жігіттің шағын ғана әмиянында азды-көпті 440 миллион доллар жатыр. Яғни, жартылай миллиардер! Қаржы, химиялық өндіріс саласында көкқағазды сүтше суған осы екпінінен таймаса ол жақын болашақта-ақ миллиардерлер тізімін толықтырмақ. Және оған ешкімнің күмәні де жоқ.

Отыз жасында жартылай миллиардер атанған  Ғалымжан белгілі ғалым Шахмардан Есеновтың кенже ұлы (үш ұл, бір қыз). Ғалымжан 1982 жылы өмірге келгенінде 55 жастағы әкесі Шахмардан Есенов Алматыдағы Қазақ политехникалық институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарыпты. Егер Ғалымжан 1961-1964, 1971-1974 жылдары өмірге келген болса, онда оны министрдің ұлы деп атауға болар еді. Себебі, осы уақыт аралықтарында оның әкесі ҚазССР Геология министрі болып қызмет атқарған.  Жоғарғы кеңесте депутат болған, академик Шахмардан Есенов 1994 жылы өмірден өткен соң оның есімі Ақтаудағы Каспий мемлекеттік технология және инжинеринг университетіне берілді. Себебі, Шахмардан Есенов Маңғышылақ түбегінен мұнай көзін тапқан маманның бірі. Қаныш Сәтпаевтың арқа сүйер шәкіртінің бірі болған абыз әкенің аялы алақанын Ғалымжан Есенов бар болғаны 12 жасына дейін сезінген. Дегенмен, тағдырдың жазуымен әкесіз қалған ол жоқшылықты білмеген секілді. «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Экономика және басқару академиясында диплом алған. Лондонның бизнес және қаржы мектебінен өткен. Сосын, терең көлге құшағын созып секіргендей бизнеске сүңгіп кеткен. 2003-2007 жылдары «Сеймардың»  инвестициялық даму тобына жауап берген және осы уақыт аралығында «Альянс Банктің» басқарушы директорлар кеңесі құрманына енген. 2007 және 2011 жылдары «Delta bank» -те директорлар кеңесін басқарған. 2012 жылы «Альянс полис» және «Альянс  сақтандыру компаниясы– Өмір сақтандыруды»  басқарған. Бүгінде «АТФ Банктің» 99,7 пайызы осы жігіттің қалтасында. 

Бір қызығы, осыншама табысқа жеткен, небәрі он жылда жарты миллиард долларды оңай жинаған осы жігітті көпшілік танымайды. Тиыннан теңге, теңгеден қалайша доллар  жасағанын өзі де майын тамызып әңгімелеп, кәсіпкерлерге тұсау салған шенеуніктік келеңсіздіктерді тереңнен толғап ортаға шыққан емес. Тілшілер үшін де, көпшілік үшін де өте жұмбақ адам. Бір ғана белгілі жайт: Ғалымжан Есеновтың аты жөні мен есімі қайын атасыныкіне өте  ұқсас. 

Сөз орай келіп тұрғанда айта кетсек, астаналық журналистерге есеп берген Ғалымжан Есеновтің қайын атасы – Ахметжан Есімов әйелінің үйінде тұратындығын жасырмай айтып салған-ды. 

Қазақстанда президент сайлауын кімдер бақылайды?
Сапарбаев ай қарап отырды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу