«Қазақстан проходной двор»: Тоқаевқа үндеу жарияланды

Oinet.kz 22-09-2022 1781

Менің жекеме шығып, кейбір азаматтар "Өкіметтің Ресейден қаңғып, отанын сатып, қашып келіп жатқандарды бақылауға алатынына мүлдем сенбеймін, Оралда қонақ үйлердің бәрі орыстарға, басқа да ұлттарға толып кетті, Ұлытауда да солай, басқа қалаларда да солай" деп жатыр. Кеше біреулер Ресеймен шекарамыз 7500 км құрайды. Қайбір жеріне қадағалау жүргіземіз деп жатқандарын оқыдым. Демек, Қазақстанның қожайыны қазақ емес, проходной двор.

Screenshot_6.jpg

Салыстырмалы түрде айтайық. Қазақстанның 30 жыл аяусыз тоналуы да кездейсоқ емес. 30 жыл бойы Қазақстанның иесі болған жоқ, сондықтан тоналды. Қазақстанның 30 жыл бойы мемлекеттік тілді тұғырына қоя алмауы кездейсоқ емес, себебі Қазақстанның иесі болған жоқ. Біздегі ресейтілді мутанттар Ресейден келген қашқындар мен сатқындарды құшақ жая қарсы алатынын олардың чаттарынан көріп, тірі куә болып отырмын.

Қазақтың иесі өзі емес екенінің дәлеле сол, 30 жылда 1 миллионнан аса қазақты әрең көшіріп алып келсек, бары жоғы үш айда елге миллионға жуық орыс қаптап келді. Тағы бір сорақысы - шетелден келетін қандастарға енді азаматтық берілу мерзімі 5 жылға дейін созылады деп жатыр.

Қазақтың өз өзіне қожайын болмауының дәлелі сол 20-25 жыл жан далбасамен баспанаға жете алмай сенделіп жүр. Тым болмаса үй іргелік 10 сотық жерін 100 мыңдаған кезекпен күтеді. Ол орыстар келіп бәріне жайғасып, жағдайлары жасалып жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен құзырлы органдар қайда қарап отырғанын түсіну мүмкін емес. Егер де елім, жерім деген біреу бас көтерсе, бірден бас салады. Міне, қазақ өз өзіне қожайын емес. Қазақ құл! Қазір дүние орысты кіргізбек түгілі жүзіне қарамайды, басқан ізін көргісі келмейді.

Ойбай, Ресей басып кіреді дейсіңдер... Ресейдің бірнеше жеріңде әскери базалары тұр. Ресей тұтас интернетіңе қожайындық жасап отыр. Ресей тұтас ақпараттық кеңістігіңе қожайын. Сені басқарып отырған үкіметің де тұтас ресейтілді мутанттар. Әп сәтте миллионға жуық сатқындар мен қашқындарды қабылдап тастадыңдар. Сонда Ресей сені басып алмаған болып тұр ма!? Өзің ашып беріп отырсың ғой...

Менің қоғамға да, өкіметке де көңілім қатқан мұздай. Қоғам бір адамды алға салып, әйдәәәәә, әйдәәәәә, өлсең де, тірілсең де өзің аяқта деп отырады. Сүрінсең итше талайды. Жауапкершілік нөл. Нөл болғаны сондай, бұл ел ешкімдікі емес.

Біз ешқашан да Украина, Польша, Литва, Эстония бола алмаймыз. Жапония, Германия, Ұлыбританияны аузыңызға алмай-ақ қойыңыз. Олар сияқты болу үшін ең алдымен сенің кеудеңде тарсылдап соғатын мемлекетшіл, ұлтшыл, рухты жүрек болуы керек. Соңғы жағдайларды, кімді күтіп отырғанымызды да түк түсіне алмаймын.

Бұлар жүр сайлауды белгілеп, мансаптарының қамын ойлап. Ресейдегі зобалаң тұп-тура біздегі сайлауға тұспа-тұс келді.

Құрметті президент мырза, нәтижелі, дұрыс саяси реформаларға көшіңіз. Нәтижелі реформаларды қолға алмай, ешқандай да өзгерістер мен даму болмайды. Нәтижелі реформаларға көшпей, мемлекетшіл азаматтарға тізгін бермей, қарғыс атқан жемқорларды орнынан кетірмесе, бізді жақсылық күтіп тұрған жоқ...

Бекболат Қаржанның Facebook парақшасынан

Ресей Киевке Атом бомбасын тастап, Украина екіге бөлініп кетеді
Енді мектеп директорлары пара ала алмайды: Асхат Аймағамбетов жаңалық айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу