Назарбаев: «Сайлауға түссем, жеңіске жететініме 100 пайыз сенімдімін»

Oinet.kz 16-05-2019 1342

Screenshot_2.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан XII Астана экономикалық форумында Қазақстандағы Президент сайлакына қатысты пікір білдірді. 

Пленарлық сессияның модераторы, Euronews қызметкері Штефан Гробе Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудан кейін елдің саяси жағдайын қалай елестетінін сұрады.

«Мен өз принципімді ұстанамын. Президент пен халық бір-бірін түсінген кезде мемлекет жетістікке жетеді. Ұлт көшбасшысының бағдарламасы мен идеяларына халық толықтай қолдау көрсетуі тиіс. Менің тұсымда солай болды. Елмен тығыз жұмыс істедім. Тәуелсіздік алғаннан бері бес сайлауға қатыстым. Соның бәрінде электораттың 85% төмен дауыс жинаған емеспін. Халықпен осындай түсіністіктің арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткіздік», - деді Назарбаев.

Елбасы сайлауға қатысса, тағы да жеңіске жететініне сенімді екенін айтты.

«Мен өз кандидатурамды ұсынып, сайлауда жеңіске жететініне 100% сенімдімін. Бірақ жаңа буын, жаңа команда билікке келу керек», - деді ол. 

Screenshot_1.jpg

Қазақстанда сайлаудан кейін девальвация болуы мүмкін бе?
Асқар Ақаев : «Туған жерімнен жырақ кетемін деген ой ешқашан басыма келмепті»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу