Қызметінен айрылған Асхат Аймағамбетов алғаш рет шындықты айтты

Oinet.kz 04-02-2023 4474

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қызметінен кеткен соң не істеп жүргенін айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында хабарлады. 

Screenshot_5.jpg

"Қазір мен үйдемін. Қолым бос. Негізі таңертең балаларымды мектепке, балабақшаға апарып, алып қайтамын. Үйде тұрмыстық шаруалар көбейіп қалыпты. Одан бөлек кітап оқып жатырмын. Кітап оқуға уақыт пайда болды. 

Жаңа министр Ғани Бектайұлын өзімнің орнына мен ұсынған жоқпын. Жаңа министрді кезінде өзім шақырып алып, бір мекеменің басшысы етіп өзім тағайындадым. Жаңа министрдің жұмысына Президент және халық баға береді. 

4 қаңтар жұмыстан кететін күні қарамағымдағы қызметкерлермен жиналыс өткізіп тапсырма бердім. Бірақ түсте "қызметімнен босатылғаным" туралы ақпарат келді. Сол кезде заттарымды жинап кабинетімнен кеттім. Қызметімнен кететінімді сол күні түсте бір-ақ білдім. Оған дейін білген жоқпын. Министр - саяси қызмет. Саяси қызметтің тағайындау да, қызметтен босатуы да тез. Сондықтан да саяси қызметкерлер осындай шешімге дайын болу керек. Министрлер өмір бақи бір орында отыра бермейді" - деді министр. 

Шымкентте журналистке сот үкімі шықты
Асхат Аймағамбетов қайда қызметке баратыны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу