Әлтаев біраз әлек салғалы тұр

Oinet.kz 24-02-2023 413

19 наурызға белгіленген Мәжіліс пен мәслихат сайлауының ең қызық кезеңі басталды. Өткен сенбіде сайлауалды үгіт-насихат шараларының түңлігі түрілді. Кандидаттардың толық тізімі жария етілді. Бұл жолғы сайлаудың бір жаңалығы – Мәжілістің 30 пайызы, облыстық мәслихаттың 50 пайызы, ал аудан, қалалық мәслихаттар 100 пайыз жеке мандат бойынша жасақталады. 

Screenshot_1.jpg

Талас-тартыстың бәрі осы жеке мандаттардың арасында өтіп жатыр. Жеке мандат бойынша Түркістан облысында Мәжіліс сайлауына үш округтан 21 кандидат, ал Шымкенттегі екі округтан  16 кандидат тіркелді. Яғни  әр округтан орта есеппен 7-8 үміткер бақ таластырады деген сөз. Мәжілісмен атанудың жолы қаншалықты ауыр екенін осыдан-ақ байқай беріңіз. Кандидаттардың алды зейнеткер, берісі әлі отызға толмаған жас жігіттер. Жұмыссыздан бастап, аудан әкіміне дейін бар. Бірі экс-мәжілісмен, бірі облыс әкімінің бұрынғы орынбасары, бірі әлем чемпионы, бірі елге белгілі оппозиционер. Қазір көпшілік бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгерек деген пікірде. Кандидаттардың арасында қоғам белсенділері көбірек. Саясат сахнасына жаңа партиялар шықты. Бірақ мұның бәрі де науқан алдындағы көзбояушылық емес пе? 

№27 округқа бұрынғы вице-министр, экс-мәжілісмен, «Нұр Отаннан» Мәжіліс депутаты болып, «бүйректен сирақ шығарғаны» үшін мандатынан айырылған, қазіргі уақытта билікті сынап жүрген тіркелмеген «Ел тірегі» деп аталатын партияның серкесі Нұржан Әлтаев үміткер ретінде тіркелді.  Жалпы, бұл додаға Н.Әлтаев біраз дайындықпен келді. Соңғы айларда өзінің туған өлкесі Оңтүстіктегі жиындардан төбе көрсетіп жүрді. Сайлау қарсаңында ол қаңтардағы қатты аязда көмір жетіспеушілігінен  жылыжайлардағы қызанақтарын үсітіп алып, қыруар шығынға батқан шаруалардың мәселесін көтерді. Әлтаевтың жерлестерінің сеніміне қаншалықты ие бола алатынын кім білсін. Бірақ біраз әлек салатыны анық. Ал оған қарсылас кандидаттардың бірі – кәсіпкер, облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Темір Қырықбаев «Аманат» партиясының атынан ат қосып жатыр. 

(Жалғасы бар)

"Рейтинг" газеті, ақпан, 2023 ж

Тұңғышбай Жаманқұловты жалған ақпарат бергені үшін шығарып тастады
Қаныбеков қарсы бағытқа шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу