«Вот, Батька – красавчик»

Oinet.kz 24-05-2019 797

Screenshot_3.jpg

Қыркүйекте Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Жамбыл Қалауовтың басынан қызықтау бір оқиға өтті.

Жамбыл Қалауов Беларусь президенті Александр Лукашенконың бензин бағасына қатысты айтқан сөздерін интернеттен көріп, бейнероликті әлеуметтік желіге салған. Бейнероликтің астына  "Вот Батька – красавчик, нам бы такого Елбасы" деген сөзді жазып жіберіпті. Бар болғаны осы ғана. Оның бұл сөзін партиялас әріптестері Елбасының еңбегін жоққа шығару, тіпті, билікті құлатпақ болды деп қабылдапты. 

Жамбыл Қалауовтың мәселесі дереу «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалының саяси бюросында қаралып, оны партия қатарынан шығарып жіберген.

Енді оның мәслихаттағы депутаттық мандатынан да айырылуы мүмкін деген сыбыс тарай бастаған соң Жамбыл Қалауов «Рейтигнг» газетінің редакциясына келіп, ақпарат құралдарына арнайы мәлімдеме жасады.

-Жанармай бағасының өсуіне жол бермеуді айтқан Беларусь президентіне өзімнің ұнатымымды (смпатия) білдіру кезінде  бәріміз мойындаған Ұлт көшбасшымыз, Қазақстан президентінің  іскерлік беделіне нұқсан келтіру ниетім болған жоқ,--деді ол. 

P.S. Жамбыл Қалуаов қазіргі уақытта Шымкент қалалық мәслихатының депутаты өкілеттігін у-шусыз атқарып жатыр. 

2015 жыл: Сарыағаштағы сойқан...
Танымал кәсіпкер зардап шеккендерге 20 тонна жеміс өнімдерін және 10 миллион теңге көмек берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу