Арыста бірінші қайтыс болған сержанттың артында 4 баласы қалды

Oinet.kz 26-06-2019 3403

Screenshot_5.jpg

Көрнекі фото

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Орталық коммуникациялық қызметінің баспасөз маслихатында Арыста қайтыс болған үшінші адам туралы айтты.

Оның сөзінше, көз жұмған жігіт Әбдікүл Нұрланұлы Ахметов Арыс қаласының тұрғыны. 1987 жылы туған. Үйленген баласы бар.

Дандыбаев 2013 жылы келісім-шартпен қызметке келгенін, соңғы шені бөлім командирі болғанын атап өтті.

"Өкінішке орай, кеше бір әскери қызметкер медицина мекемесінде алған жарақаты салдарынан қайтыс болды", - деді қорғаныс министрінің орынбасары. Дандыбаев әскери қызметкердің жанұясына қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді.

Сонымен қатар, ол Арыстағы Төтенше жағдай кезінде бірінші қайтыс болған әскери қызметкер жайлы да айтты. Сержанттың денесі Арыста Төтенше жағдай болған күні табылған. Ол жарылыс басталып жатқанда қаза тапқан.

"Менің ойымша, ол жарылыс эпицентрінде болу салдарынан қаза тапты", - дейді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, ол әскери қызметкер Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында қызмет еткенін атап өтті.

Марқұмның артында төрт баласы қалды.

Депутаттар бір күндік жалақыларын көмек қорына аударды
Назарбаев ҚР Президенті Тоқаевқа Арысқа қатысты тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу