«Елдің берген садақасына» - Қабылбек Әліпбайұлының зәулім үйі елдің талқысына түсіп кетті

Oinet.kz 19-06-2023 28281

Nанымал уағызшы Қабылбек Әліпбайұлының зәулім үйін халық сынады. Әлеуметтік желіде "Қабылбек ұстаздың үйі" делінген видео тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Халықтың көпшілігін имамдардың жағдайы жоқ, айлықтары жоқ бола тұра, мынадай зәулім үйді қайдан салған деген сұрақ мазалады.

"Имамдар қай ақшасына зәулім үй салады екен? Елдің берген садақасына үй салып алады ма сонда? Қалайша? Нұрлан имам жүр ғой 3 бөлмелі пәтері де жоқ. Мен ойлаймын адал ақшамен сал үйді, мынандай зәулім үйге нақты айлығың жетпейді", "Елдің ақшасына бәрі байып үй салып алады", "Осыдан-ақ білуге болады имамдардың қандай адам екенін. Беттері жылтырап, елді алдаумен айналысады. Жастарды ана өмірге дайындап, өздері мына дүниенің рахатын көріп", "Байлыққа қызығуға болмайды, әрбір тиыныңа жауап бересің. Кедей болсаң жұмаққа барасың,- деп уағыз айтып жатушы еді ғой", "Қалай тұрғызған мұндай зәулім үйді?",- деп жазып жатыр.


Тәкаппар әйел осыдан кейін Ислам дінін қабылдады
Өзіне қол жұмсаған адамның жаназасы шығарылады ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу