Мәжіліс депутаты: «300 жылда қолымыз жетпеген арманға Нұрсұлтан Әбішұлы қолымызды жеткізді»

Oinet.kz 24-06-2019 3616

Screenshot_7.jpg

«Кемеңгерліктің 30 жылы» конференциясы тарихтан сабақ алуға мүмкіндік берді. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов осылай дейді деп хабарлайды Abai.kz

«Біздің көпшілігіміз, осында отырған замандастар екі дәуірде өмір сүріп келеміз. Бүгінгі кездесуіміз кейбір шолақтау ойлайтын замандастарымыз бағалағандай, өткенді аңсау емес. Бүгін тарихтан сабақ алып, өсу жолдарымызды жадымызда сақтадық, теңсіздіктен арылып, елдікке қол жеткізудің  қадір-қасиетін түсіндік. Сіздің ел басшылығында қызмет еткен 30 жылыңызға орай өтіп жатқан конференцияға Қасым-Жомарт Тоқаев  екеуіңіз қатысып, сөз сөйлегендеріңіз - ынтымақтың, билік бірлігінің үлгісі. Нағыз мемлекеттік өркендеу сабақтастығының айқын көрінісі десек болады. Бүгінгі баяндамаңызды толқымай тыңдау мүмкін емес. Мен бұны сіздің атқарған парызыңыздың кодексі деп қабылдадым», - деді Қуаныш Сұлтанов.

Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, Елбасының әр жылдары көтерген бастамасы, мемлекет мүддесіне айтылған әрбір сөзі, қалың елдің көңілінен шығып келеді. «Студент жастардың шеруіне байланысты 1987 жылы орталық комитеті арнайы қаулы қабылдап «қазахский национализм» деп баға берді. Нұрсұлтан Назарбаев осы қаулының әділетсіздігін дәлелдеп, әлденеше рет саяси мінберлерге шығып жүріп, қаулының күшін жойғызды. Бұл билеуші компартия тарихында бұрын соңды болмаған нәрсе. Бірінші хатшы болысымен 1 айдан кейін Қарағандыдағы шахтерлердің ереуілін тоқтатты. ҰОС-та ерлігі қазақ шеңберінен алысқа шығып жүрсе де лайықты бағасын ала алмаған Бауыржан Момышұлына Кеңес одағы батыры атағын бергізді. Мемлекеттік басқаруды жаңғыртып, Семей полигонын жапты. Космодром қазақ жерінде болса да қазақ ғарышкерлері болмаған. Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты ғарышқа ұшырды. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізіп, 1 млн отандасымыздың отанына оралуына есік ашып, жағдай жасады. 30 жылда осыдан бұрын 300 жылда қолымыз жетпеген арманға Нұрсұлтан Әбішұлы қолымызды жеткізді», - деді Қуаныш Сұлтанов.

Айта кетейік, бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр.

Конференцияға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Арыстан шыққан миллионер Арысқа 30 миллион, Шымкентке 20 миллион теңге көмек берді
Нұрсұлтан Назарбаев 79 жасқа толды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу