«Баға төмендейді» - Қаржы министрі жағымды жаңалықпен бөлісті

Oinet.kz 05-03-2023 1344

Қазақстанда инфляция деңгейі төмендеді. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Screenshot_1.jpg

"Биыл азық-түлік бағасы төмендейді деп ойлаймын. Себебі негізінен доллар курсы өскен кезде импортталатын тауарлар бағасы да артады. Осыған байланысты біз импортталатын тауарлар біртіндеп төмендейді деп күтудеміз. Жалпы, экономикада инфляция төмендейді", - деп атап өтті Қаржы ведомствосының басшысы Сенат отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Айтуынша, алдағы 2-3 айда жағдай оңалады. 

"Осы айлар бізде шарықтау шегіне жеткен кезең болды, қазір 20 пайыздан (инфляция – ред.) асып отыр. Екі-айдан соң төмендейді деп ойлаймын. Нақтыланған бюджетте инфляция деңгейі 7,5-9,5 пайыз мөлшерінде болатындығы көрсетілді. Сондықтан бұл деңгейді шектейміз, бағаның төмендеуі күтіледі", - деді Премьер-министрдің орынбасары.  

Ақбердиева айтысып жүргенде Түркістанның туризмі ондыққа да іліге алмады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың назарына! Қайнарбұлақ қайда барасың?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу