ІІМ құны 2,5 миллион доллардан асатын есірткі партиясын тәркіледі

Oinet.kz 31-07-2023 545

ІІМ құны 2,5 миллион доллардан асатын есірткі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Павлодар облысының полиция департаментімен бірлесіп, жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы арқылы өткен героиннің ірі партиясы "транзитінің" жолын кесті.

"Ағымдағы жылдың шілде айында Павлодар-Омбы бағытындағы автожолда арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің күштік қолдауымен жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды. Жүк көліктің Volvo маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 килограмм "героин" салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм “гашиш” салынған екі орама анықталып, тәркіленді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Шымкентте бұрынғы медбике есірткімен ұсталды
Досын 100 мың долларға бопсаламақ болған күдікті ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу