Досын 100 мың долларға бопсаламақ болған күдікті ұсталды

Oinet.kz 01-08-2023 477

364805137_1360951804836669_5371084090027113709_n.jpg

Шымкенттік тұрғын досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінді. Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, одан 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе, бопсалаушы оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп қорқытқан.

Өз беделіне алаңдаған қала тұрғыны оның шартымен келісуге мәжбүр болған.  Ол сұралған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.

Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде қорқытып алу» бойынша СДТБТ-не тіркелді.

Ұсталған адам өзінің досы болып шыққанын білген арызданушының таңданысы мен ренішінде шек болмады.

Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы, оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған. Бопсалаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


ІІМ құны 2,5 миллион доллардан асатын есірткі партиясын тәркіледі
Әбдірахымов орала ма? «Зың әкім» өзіне қарсы топ барын Аюповтың сотында айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу