Ерекше мәртебе Түркістанға не береді?

Oinet.kz 29-11-2023 397

screenshot_20201014-004335_samsung-internet-1.jpg 

Президенттіңтапсмырмасы бойынша Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы жасалды. Жақында ол Парламенттің қараына беріледі.  Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды елордадағы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты.

 «Былтыр президентіміз облысқа жасаған сапарында Түркістан рухани, тарихи орталық болуға лайық екенін айтып, ерекше мәртебе беру керек деген ұсыныс айтты. Сол ұсынысты жұмыс барысына алып, қазір арнайы заң жобасын әзірлеп, орталыққа ұсындық. Яғни, орталық мемлекеттік органдар қарап жатыр. Негізінен келісімін алдық. Жақын арада біз оны Үкіметтің келісімімен Парламентке енгіземіз. Жалпы Түркістан ең көне қалалардың бірі екенін білесіздер. Сол жерде UNESCO-ның тізіміне кіретін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар», – деді әкім.

Заң Түркістанға бірқатар артықшылықтар береді.

«Бұл қаланың рухани және мәдени дамуына серпін береді. Кесенені, құрылыстарды реттеу керек. Түркістан қаласының өз стилі болуы тиіс. Осыған байланысты құрылыс жөніндегі кеңес құрылады. Ал қалалық мәслихатқа 65-ке жуық құзыр беріледі», – деді облыс әкімі.

 


Шаруалар неге шулап жүр, Ермек Кенжеханұлы?
Шөкеевтің 9 миллиард теңгелік жағажайы - Ол үшін Дархан Сатыбалды жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу