Атышулы Шерзат ісіне байлынысты 9 күдіктіге сот үкімі шықты

Oinet.kz 05-06-2025 222

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_10.jpg

Сотталушылар Шерзат Полаттың отбасына 285 миллион теңгеден аса моралдық шығын төлейтін болды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Шынасыл Абзалдан Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишімбиева және Жұмабике Қадырованың әрқайсысына моральдық өтемақы ретінде 20 миллион теңге мөлшерінде төлеуді міндеттелсін. Равиль Сәкеев әрқайсысына 15 миллион теңгеден төлеуге міндеттеледі”, – деді судья.

Белғожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаева Нұрбол, Қалиахмет Дидар ортақтасқан үлестік түрде Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына, әрқайсысынан 10 миллионан, жалпы сомасы 60 миллион теңге мөлшерінде;

Осы адамдар Бишімбиева Гүлбараға қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зияынының өтуі ретінде әрқайсысынан 10 миллионнан, жалпы сомасы 60 миллион теңге мөлшерінде;

Осы адамдар Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зияынының өтуі ретінде әрқайсысынан 10 миллионнан, жалпы сомасы 60 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруге міндетті.

Судья Ержан Жанұзақовтың жасөспірім Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған 9 сотталушыға шығарған үкімі бойынша:

Басты күдікті Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша айып тағылды. 

Екінші сотталушы Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оны Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 99-бабы 3-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша кінәлі деп таныды. 

Ал Шыңғыс Белғожаев 7 жылға сотталды. Оған Қылмыстық кодекстің  293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша айып тағылған. 

Дархан Әскентай 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің  293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды. 

Нұрқияс Ілиясов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды. 

Ал Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға сотталды. Оған Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша айып тағылған. Оның туысы Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша айып тағылған. 

Дидар Қалиахмет Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Кәмелет жасына толмаған Думан Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1,5 жылға сотталды. 

Айта кетейік, бұған дейін прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларға 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейін жаза беруді сұраған еді. 

Белгілі журналистке кибершабуыл жасалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу