Шымкенттің білім басқармасына басшы тұрақтамады

Oinet.kz 18-09-2025 36

 4545985_0_0_2017_1134_1920x0_80_0_0_729985cca126982a807b358e98a4a310.jpg

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып 41 жастағы Қуаныш Ысқақов тағайындалды.

Қуаныш Ғалымжанұлы – 31 наурыз 1984 жылы дүниеге келген. Үш бірдей жоғары оқу орнын тәмамдап, қаржы, басқару және педагогика саласында білімін жетілдірген:

2005 жылдан бастап түрлі дауазымдық қызметтерде істеген. 2024–2025 жылдар аралығында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Жуырда ол Шымкент  қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Бұған дейін Шымкенттің бас мұғалімі лауазымын Гүлназ Сүлейменова атқарды. Биылғы жылдың наурыз айының 17 -не тағайындалған басшы басқармаға жарты жыл ғана басшылық еткен.  Ал оған дейінгі басшы-- Тоғжан Манкешова креслосында 4 ай ғана отырған.


«Кең бабаның» жерін сатқан қай әкім?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу