Трамп Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесіне шақырды

Oinet.kz 19-01-2026 40

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа мәселесі бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына шақырды. Қазақстанға кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылды. Бұл ақпаратты Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.

image.png

Вашингтон бастамасымен құрылып жатқан кеңеске қатысуға бірқатар елдің басшылары шақырылған. Аргентина, Венгрия, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия ұсынысты қабылдап, келісім берген. Франция, Германия және Біріккен Араб Әмірліктері әзірге ресми жауап қайтарған жоқ.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында сөйлеп, Газадағы жағдайды ашық атап өткен еді. Мемлекет басшысы гуманитарлық дағдарысты «қорқынышты» деп бағалап, әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды.

Президент Қазақстанның бейбіт тұрғындарды толық қорғауды, гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуін және екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне негізделген шешімді қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұл үдерісте БҰҰ-ның жетекші рөлін маңызды деп атады.

"Шымсити саябағына Қонаевтың есімі беріліп, үлкен ескерткіш тұрғызылу керек!"
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу