Университеттегі қаржы алаяқтығы: күдіктілер қылмыстық іс бойынша сотқа жолданды

Oinet.kz 20-01-2026 46

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, күдіктілер (бұрынғы бірінші проректоры, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі және мердігер ұйымдардың басшылары) сотқа жолданды.  

image.png

Олар  бюджет қаражатын жымқыру ісіне қатысы бар деп танылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген, жасанды түрде қымбат бағамен сатып алынған. Жалған мемлекеттік сатып алу шарттары арқылы қаражат кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сот санкциясымен 4 тұрғын үйге, 1 автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн теңге қаражатқа тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.

Трамп Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесіне шақырды
Құрылтайдың алғашқы күнінде 70-тен астам мүше өз ұсыныстарын білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу