Ермұхамет Ертісбаев Алматыны «Алма-Ата» деп атауды ұсынды

Oinet.kz 27-08-2019 1787

3951b7ec4160b1c2.jpg

Ермұхамет Ертісбаев 2013 жылдан бастап Қазақстанда тұрмайды. Ол төрт жыл Грузияда, сосын Белоруссияда елші болған. Алайда дипломат таяуда ғана қызметінен босатылды. Енді отанына оралуды көздеп отырған бұрынғы елші елдегі соңғы саяси жаңалықтарға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Ертісбаев оңтүстік астананы қазіргі уақытта республикадағы "ең саясаттандырылған" қала деп атап, бұрынғы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Алматы әкімі болуына қатысты өз ойын айтты. 

"Бұл елдегі ең жауапты және маңызды жұмыс аймағының бірі. Ақыр соңында, мәңгілік ештеңе жоқ", - деді экс-елші.

Сондай-ақ, оңтүстік астананы мүлдем өзгерткен бұрынғы әкім Бауыржан Байбекті креативті, жігерлі, өршіл жігіт деп атады.

"Қазір менің таныстарымның бәрі "Алматы өте керемет болды, еңбек демалысын өткізу үшін ешқандай шетелге кеткің келмейді" деп айтып жатыр.

Барлық шетелдіктер Алматыға тәнті болуда, Сағынтаев та сүйікті Алматымыздың даму мен қайта өзгеру бағытын жалғастыратынына сенімдімін.

Айтпақшы, егер астана Нұр-Сұлтан деп дефис арқылы жазылса, мүмкін, баршамызға сүйікті әрі байырғы Алма-Ата атауын қайтаратын кез келген шығар?", - деп ұсынды Ертісбаев.

Премьер-министр Ақтөбеде 18 мың теңгеге отандық күрте сатып алды
Жаңа депутат Нұрлан Әлімжан - 684 мың теңге жалақы алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу