Трамп: Иран басшысы АҚШ-тың қолдауынсыз ұзақ билікте қала алмайды
Дональд Трамп ABC News телеарнасына берген сұхбатында Иран басшылығына қатысты қатаң мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы егер алдын ала АҚШ-тың қолдауына ие болмаса ол билікте ұзақ отыра алмайды.

Трамптың сөзінше, жаңа көшбасшы «АҚШ-тан мақұлдау алуы керек», әйтпесе оның билігі ұзаққа созылмайды. Ол сондай-ақ Вашингтон үшін Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу басты мақсат болып қала беретінін атап өтті.
Сонымен бірге АҚШ президенті қажет болған жағдайда америкалық әскерилердің Иранға қарсы операцияны жалғастыруға дайын екенін айтты. Оның айтуынша, әскери басшылық барлық ықтимал нұсқаларды қарастырып жатыр.
«Барлығы қарастырылып жатыр. Барлығы», – деп мәлімдеді Трамп.


