Иран қанша бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді

Oinet.kz 11-03-2026

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің әскери шабуылдары салдарынан Иранда 1 300-ден астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 669 ғимарат қирады. Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Әмір Саид Иравани мәлімдеді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Оның айтуынша, қираған нысандардың ішінде 7 943 тұрғын үй, 1 617 сауда және қызмет көрсету орталығы, 32 медициналық мекеме, 65 мектеп пен білім беру ұйымы, сондай-ақ Қызыл Жарты айдың 13 ғимараты бар.

Иравани шабуылдар бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға бағытталғанын айтып, бұл халықаралық құқықты өрескел бұзу екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, сенбі күні Тегеран мен басқа қалалардағы мұнай қоймаларына жасалған соққылар ауаға улы заттардың таралуына әкелген.

Сондай-ақ Тегерандағы Мехрабад әуежайына жасалған шабуылдан бірнеше азаматтық ұшақ пен әуежай инфрақұрылымы бүлінген. Ал Хормозган провинциясындағы Кешм аралындағы тұщыландыру қондырғысы зақымданып, 30 ауыл сусыз қалған.

Бұдан бөлек, Израильдің Бейруттегі Ramada қонақүйіне жасаған шабуылынан төрт ирандық дипломат қаза тапқан.

Иран өкілі халықаралық қауымдастықты бұл қақтығысты тоқтатуға шақырып, ел өз аумағы мен тәуелсіздігін қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайтынын айтты.

«Дүниесіне сенген депутат заңға бас имей отыр»
Шымкентте ДЭР қызметкері ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу