​Әділет вице-министрі тағайындалды

Oinet.kz 18-09-2019 869

Картинки по запросу акерке ахметова

Ақерке Ахметова Әділет вице министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ахметова Ақерке Естайқызы Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақерке Ахметова 1975 жылы Алматыда дүниеге келген. Көкшетау педагогикалық институтын, Ш. Уәлиханов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Көкшетау университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Sheffield университеті, Ұлыбритания ("Болашақ" бағдарламасы бойынша) бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Коммерциялық сектортларда қызмет еткен.

2000 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істейді. Бас маман, Халықаралық шарттар жобаларын сараптау бөлімінің бастығы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2015-2017 жылдары-ҚР Әділет министрлігі Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры болған.

2018 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры қызметін атқарды.

Депутат: «Бюджетті форумдарға жұмсамаса, көптеген қайғылы оқиғаларды болдырмауға болады»
«Роскосмос» басшысы Түркияны Байқоңырды бірлесіп пайдалануға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу