Қытай мемлекеті 1,8 млрд долларға жел электр станциясын салып бермек

Oinet.kz 27-09-2019 1128

Screenshot_13.jpg

22 қыркүйекте Өзбекстанның Бұқара облысында жел электр станциясының құрылысы басталды. Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, жобаны Қытайдың Lioaning Lide корпорациясы жүзеге асырады, деп хабарлады Oinet.kz порталы Azattyq-қа сілтеме жасаған.

6 мың гектар жерге салынатын, қуаты 1,5 мың мегаваттық станция құны - 1,8 миллиард доллар.

2017 жылы Өзбекстан 2017-2025 жылдарға арналған қалпына келетін энергия көздерін дамыту бағдарламасын қабылдаған.

2018 жылы Өзбекстан Ресеймен атом электр станциясын салу жөнінде келісім жасасып, болашақ АЭС Қазақстан шекарасына жақын Тузкан көлі маңында орналасатынын хабарлады.

Назарбаева: «Қазақтар қай сөзді қалай дұрыс қолдану керектігін шеше алмай жүр»
2020 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1 триллион теңге аударылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу