Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болатынын алдын-ала білген

Oinet.kz 30-09-2019 948

Картинки по запросу Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев 2000-шы жылдардың басында премьер-министр болды. Сонда ол Ресейдің сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында докторлық диссертация қорғаған. Жоғары аттестациялық комиссия мүшелері Тоқаев Мәскеуге сұқбаттасуға барған. Бұл жолда президент өзінің жоғары лауазымын пайдаланбаған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Тоқаевқа бес сағат бойы түрлі сұрақ қойылды. Қасым-Жомарт керемет жауап берді. Ол әңгімелесудің бірнеше сағатқа созылғанына қысылған жоқ", - деді Бажанов Sputnik Қазақстан-ға берген эксклюзивтік сұқбатында.

Сол сәтте-ақ, Ресейлік дипломат Евгений Бажанов Тоқаевты Қазақстандағы екінші адам деп санайды.

image.png

Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды

"Мен Тоқаевтың ғылыми жетекшісі ретінде сөз сөйледім. Дипломатиялық академияда диссертация қорғағандардың бәрі тамаша карьера жасайтынын (академияның бірқатар түлегі мемлекет басшысы болған) айттым. Қасым-Жомарт Кемелұлы - Қазақстанда екінші адам. Ары қарай өсетін мүмкіндік жоқ. Өйткені мемлекет басшысы – қазақ халқының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевқа Біріккен ұлттар ұйымына бару керек деп айттым", - деп еске алады Евгений Бажанов.

Бұл сөздерден кейін үстелде отырғандардың жартысы тұрып кеткен. "Тоқаевтың көмекшісі ол кісілердің бәрі Назарбаевтың қабылдау бөлмесіне хабарласып жатқанын айтқан. Сондықтан Қасым-Жомарттың алдағы карьерасының не болары белгісіз еді. Бұл тілектің ешбір астары болмағанын айтып едім, ешкім тыңдамады", - дейді Бажанов.

Бір қызығы, бұдан кейін Тоқаев расында да Біріккен ұлттар ұйымына жіберілді. Ол БҰҰ еуропалық бөлімшесінің бас хатшысы-жетекшісінің орынбасары болды.

"Бұл кездейсоқтық па, әлде менің тілегімнің қатысы бар ма білмеймін. Бірақ сол тілектен кейін түні бойы ұйықтай алмадым. Өзім білмей, Тоқаевқа зиян келтірдім бе деп уайымдадым", - деді ресейлік дипломат.

Аружан Саин қазақ тілін үйренуге уақыты жоқ екенін айтты
Қазақстандық ватерполшы қыздар Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу