Аптаның қай күніне туғаныңызға қарап мінезіңізді біліңіз

Oinet.kz 01-03-2019 4848

0_1551074867.5557.jpg

Адам баласы айналасындағы және өзіне жақын адамдардың мі­нез-құлқын білуге құштар-ақ. Себебі мінез жарастығына көп нәрсе байланысты. Сондықтан болар, көпшілік, әсіресе қыз-келін­шек­тер психолог мамандардың адамның мінез-құлқын анықтау үшін дайын­даған түрлі тест сұрақтарына бар ынтасымен жауап беріп жа­тады. Сол секілді адамдардың ­ап­таның қай күнінде туылғанына қа­рап та оған мінез­деме беруге болады екен.



Дүйсенбі
 Дүйсенбі күні туылғандар ұлы іс­терді атқаруға келгенде орашолақтау. Бі­рақ олардың мінезі бірбеткей, қашанда тез шешім қабылдайтындардың тобына жата­ды. Сөздері көңіл-күй­леріне бай­ланыс­ты.

 Байқасаңыз, дүйсенбі күні туылған адамдар өзгелердің ақыл айта бергенін ұнатпайды. Олар шабыттана сөйлегенді, өзгелердің оны мұқият тыңдағанын және айналасындағылардың әрдайым өзін мақ­тап, қолпаштап отырғанын жақсы көреді. Бі­реу­ге қарыз бергенді де, алған­ды да қаламайды.

 Олар еті мол тағамды жегенді ұнатады. Бір қызығы, әйел болсын, мейлі ер адам болсын, бұл күні туылғандар гүл­дерді онша ұната бермейді. Тағы бір ерекшелігі, олар өзгелердің кемшілігін тез кө­ріп, олардың үстінен жұрттың кө­зінше күлуі мүмкін. Дегенмен дүйсенбі күні кешке қарай туылғандар жұмсақ мінезді, әрі сезімтал болып келеді.



Сейсенбі
 Бұл күні туылғандар үнемі қысқа шашпен жүргенді ұнатады. Көпшілігі жүрген кезде иықтары еңкіштеу тартып кетеді. Көбіне олардың тері­лері қоңырқайлау болып келеді.

 Сейсенбі күні туылғандар онша қы­сылып, ұяла бермейді, олардың таң қала қоюы да қиын. Көп жағдайда өз пікірінде қалады. Солай бола тұра олардың батылдығы да жетерлік. Олар өзім деген адамын қиындықта қалдырмайды, ылғи да көмектесіп жүреді, құтқаруға тырысады. Сейсенбіде туылғандардың өмір жас­­тары ұзақ, сондай-ақ, жүрген ортасына тез бейімделгіш келеді.

 Олардың өзгелерден бір ерекшелігі, қандай жағдайда өмір сүрсе де ертеңгі күнге деп қор жинайды. Әсі­ресе қартайған кезде қиналмай өмір сүру үшін ерте қам жасайды, бірақ оны ешкім байқай бермейді. Өйткені оны айналасынан­ құпия сақтап, айтпайды. Олар сұсты көрінгенмен адамдарға тез ұнай біледі.



Сәрсенбі
 Бұл күні дүниеге келгендердің өмір сүру ұзақтығы әрқалай болады. Өмірде кездескен қиындықтарды қа­шанда жеңуге тырысады және жеңе біледі. Олардың түр-тұлғалары әдемі болғанымен, мінездері жеңілдеу. Сәрсенбі күні туғандар әрқашан шынайы, таза кө­ңілмен тір­лік жасайды және отбасына шын бе­рілген, қамқор жандар қатарына жатады. Осындай жақсы қабілет-қасиетке ие бола тұра олар көбіне өмірден жа­ны жалғыз болып өтеді. Өйткені аса нәзік көңіліндегі ішкі толқындарды нақты тү­сі­не алатын адамын табуы қиын. Сондықтан оның жан-жағы ұл-қыздары, сүйік­ті жарымен тола болса да іштей жалғызсырап жүреді. Бірақ ол барлық күш-қуа­тын отбасы мен балаларына арнайды. Ол өзінің өміршеңдігі, еңбек­қорлығы арқасында дәу­лет­ті өмір сүруі де мүмкін.



Бейсенбі
 Бұл күні туғандардың бет-жүзі сүй­­кімді, терісі ақшыл, бетінің ұшы қыз­ғылт тартып тұрады. Біреуге тік қа­райтын ба­тыл, көз жанарлары тұнық болады. Олар бастарын жоғары ұс­тап, қашанда маңғаз жүреді. Біреу­ден қарыз сұрағанды жек көреді, қара нанмен, қара сумен отырса да айналасына білдірмеуге тырысады. Жанға жайлы ән-күйді, суды, суда жүзуді ұнатады. Өмірде көп адамды ұнатқанмен, тез айнып кетеді, бірақ сыр бермейді. Сндықтан оны махаббатта тұрақсыз деп ойлайтындар көп.

 Бейсенбі күні туғандар тамақты дәм­ді дайындайды және достарын өз қолымен пісірген асқа шақырғанды жақсы көреді. Олар жақсы дос, қамқор ата-ана, сондай-ақ ешкімнің жеке өміріне, жеке тірлігіне араласпайды және басқа­лар­дың да өзіне кедергі жасағанын қаламайды. Олардың ең қатты бағалайтын нәр­селері – әдемілік пен тыныштық. Бей­сенбі күні туғандар мансапқа он­ша қызыға бермейді.



Жұма
 Жұма күні туылғандар ашық көзді, қастары көтеріңкі, қарлығаш қанатындай қиғаштау, қадамдары кең болып келеді. Тіпті қатардағы қызметкер болса да, танымайтын адам оны бастыққа санауы мүмкін. Себебі олардың жүріс-тұрысында өзіндік маңғаздық сезіледі. Олар әзіл-қалжыңға жақын болады.

 Жұмада туылғандар ән айтқанды және тыңдағанды, кітап оқығанды, әдемі киінгенді ұнатады. Олар өзіне ұнамаған затты ешқашан сатып алмайды, яғни тал­ғамы биік. Айнаға жә­не­ аспанға жиі қарағанды жақсы кө­реді. ¬иялдағанды ұнатады және оны кейде шындық екен деп те ойлап қа­лады. Хат, күнделік, өлең жазғанды, сурет салғанды жақсы көреді. Білім алуға мүмкіндігі болса, міндетті түрде соңына дейін оқып бітіреді. Өзге­лердің қай­ғы-мұңын түсініп, көмек бергісі ке­ліп­ жүреді. Өзгенің баласын атақ үшін емес, сауап үшін қарап, тәр­биелеуі мүм­кін. Егер жұма күні туғандар әр жұмада ораза ұстап отырса, ұзақ өмір сүреді.



Сенбі
 Бұл күні туғандар күйгелектеу, ызақорлау болып келеді. Олардың қатты ашуы келгенде не айтып, не қойғанын өздері білмей қалатын кездері жиі болады. Бірақ қанша ашуланғанымен қайтымы тез, өз кінәсін мойындап, жу­ып-шаюға әрекет ете бастайды. Әйт­се де өзгелердің есебінен ішіп-же­генді де жек көрмейді, бірақ онымен қарны қампай­ған семіз бола алмайды. Негізінен, бұл күні туғандар сым­ға тартылғандай тіп-тік, майысқыш бо­лады. Бастары үлкендеу, шаштары қалың. Киім мен әшекейлерге онша қызықпайды, бар бақыт онда емес деп есептейді. Өздерін ақылды санайды. Өзгелердің ақыл-кеңе­сіне жүгінетін болса да, айтқан кеңесті назар­ға ала бермеуі мүмкін.



Жексенбі
 Жексенбі күні туғандардың қор­ғау­шы періштелері мықты болады. Бұл күні туғандардың көпшілігі бақытты жандар. Олардың ішінен бастықтар, ғалымдар, қолбасшылар, музыканттар, суретшілер көп шыққан. Олар көп ауырады. Бірақ қанша қатты ауыр­са да тез жазылады.

 Жексенбі күні туған адамдар өз-өз­деріне қарап, дұрыс өмір сүретін бол­са, өмір жастары ұзақ болады. Бұл үшін қолайлы жағдайды жасау ке­рек. Айналасындағы жақын адамдар оларға қатты сенеді, олардың болашағынан көп үміт күтеді. Сондықтан оларға қарызды оңай береді, қандай тірлік істеп қойған болса да тез кешіреді, өйткені жексенбі күні туғандарды жақсы көрмеу, кешірмеу мүмкін емес сияқты.

Дереккөз: vk.com

Аяқтағы және аяқ киімдегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады?
Азық-түліктер туралы қате түсініктер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу